Accessibility links

Ресей Бірінші арнасының бұрынғы редакторы Марина Овсянникованы полиция әкетіп, айыппұл салған


Ресей журналисі Марина Овсянникова
Ресей журналисі Марина Овсянникова

Биыл наурыз айының ортасында Ресей Бірінші арнасындағы "Время" бағдарламасының тікелей эфирінде соғысқа қарсы акция жасаған журналист Марина Овсянникованы жексенбі күні Мәскеудегі үйінің жанынан полиция алып кеткен.

Бірнеше сағаттан кейін ол "полиция бөлімінде апарғанын, баспасөздегі сұқбатында Ресей әскерінің абыройына нұқсан келтірді" деген айып тағып, босатқанын әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлаған. Ол оппозициядағы саясаткер Илья Яшинді қамау жөнінде шешім шығарған Мәскеудің Басман соты жанында тұрып сұқбат берген.

Бірнеше күн бұрын Марина Овсянникова "Путин – қанішер, оның солдаттары – фашистер" деген плакат жайып, Украинада өлген балалардың суретін ұстап, Кремль түбіне пикетпен барған.

Бұған дейін Овсянникова "Ресей әскерінің абыройына нұқсан келтірді" деген баппен әкімшілік іс қозғалып жатқанын хабарлаған.

14 мамырда Овсянникова "Бірінші арнаның" кешкі жаңалықтар эфирінде сөйлеп отырған диктордың артына шығып, "Соғысты тоқтатыңдар. Пропагандаға сенбеңдер. Бұл жерде өтірік айтады" деген жазуы бар плакат ұстап тұрған.

Овсянникова мұнан кейін халықты Ресейдің Украинаға агрессиясын тоқтатуды талап етуге шақырып, әлеуметтік желі арқылы видео үндеу жолдаған. Кейін оған заңсыз акция өткізгені үшін 30 мың рубль айыппұл салынған.

Осыдан соң Ресейден де кетіп, немістің Die Welt басылымына ауысқан. Шілденің басында Мәскеуге қайта оралған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG