Accessibility links

Ресей Украинадан 108 жетім баланы әкетіп, оларды бала асырап алғысы келетін Ресей азаматтарына берген


Харьковтегі балалар үйінен эвакуацияланған сәби.
Харьковтегі балалар үйінен эвакуацияланған сәби.

Ресей Украинаның шығысындағы өзі басып алған жерлерден бес жастан 16 жасқа дейінгі жетім балаларды әкетіп, оларды бала асырап алғысы келетін Ресей азаматтарына таратқан. Украина мұндай әрекетке келісім берген емес.

"Верстка" басылымының мәліметіне қарағанда, бала асырап алғысы келетін Ресей азаматтары мен жетім балаларды видеобайланыс арқылы жүздестірген, олар алғаш рет Ресейде ғана кездескен.

Жетім балаларды Мәскеу қаласы мен Мәскеу, Воронеж, Калужск, Тула облыстары және Ямало-Ненец автономды округіне алып кеткен.

Балаларға Владимир Путиннің жарлығымен жеңілдетілген процедура бойынша Ресей азаматтығы берілген. Бұл жарлық бойынша, кәмелет жасқа толмағандардың қамқоршылары балаға азаматтық беру туралы өтініш жасай алады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG