Accessibility links

Еуропа одағы Украинаға әскери көмек мақсатында 504 миллион еуро бөлуге уәде берді


Еуропа одағы Украинаға әскери көмек көрсету үшін тағы да 504 миллион доллар бөледі. Бұл жөнінде дүйсенбі, 18 шілдеде Еуропа одағының сыртқы саясат қызметінің басшысы Жозеп Боррель мәлімдеді.

Борррельдің сөзінше, Еуропа одағы Украинаға бұдан әрі де қолдау көрсете береді, керек болса Ресейге санкция да салады. Биыл 24 ақпанда соғыс басталғалы бері Еуропа одағы Украинаға 2,5 миллиард еуро көмек берген.

Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Еуропа одағына алғыс айтқан және Ресейге санкцияны күшейте түсуге және арнаулы әскери трибунал құруға шақырған.

Жозеп Боррель санкция Украинадағы соғысты тоқтатпайтынын, бірақ Ресейде экономикалық проблема туғызуға тиіс екенін мәлімдеді.

18 шілдеде Еуропа одағы сыртқы істер министрлігі Ресейге салатын экономикалық шектеулердің жаңа пакетін келіскен. Мұнан өзге Ресейдің 48 адамы да санкция тізіміне іліккен.

Тізімге сілтеме жасаған "Настоящее время" хабарына қарағанда, ол адамдардың ішінде Ресейдің бірінші вице-премьері Андрей Белоусов, Мәскеу мэрі Сергей Собянин және Ресейдің Украинаға басып кіргенін қолдаған екі халық әртісі – Сергей Безруков пен Владимир Машков бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG