Accessibility links

"Херсон, Запорожье, тағы басқа аймақтар". Лавров соғыстың "географиясы" өзгергенін айтады


Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров.

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров Украинадағы "арнайы операцияның географиясы өзгерді" деп мәлімдеді (Ресей Украинаға басқыншылығын "арнайы операция" деп атап, елде соғыс сөзін қолданғандарды қудалайды). Ол бұл туралы ресейлік РИА Новости агенттігіне айтты.

Оның сөзінше, Батыс Киевке қару-жарақ берген соң Ресей Донецк пен Луганск облыстарынан бөлек Украинаның басқа аймақтарында да "денацификация және демилитаризация" жүргізуге шешім қабылдаған.

"Қазір география өзгерді, тек ДХР мен ЛХР ғана емес, бұған Херсон облысы, Запорожье облысы және тағы бірнеше аумақ қосылды. Бұл процесс жалғаса береді" деді Лавров.

Ресей сыртқы істер министрінің айтуынша, "соғыс географиясы Украина аумағынан төнетін әскери қауіпке байланысты өзгеріп жатыр". Ол Батыс Украинаға қару берген сайын соғыс "географиясы" әріқарай жылжитынын алға тартады.

Лавров "арнайы операция" "мәжбүрлі қадам" екенін және "арнайы операция" басталғанда "жеңілдік сезінгенін" айтады.

АҚШ маусымның басында Украинаға ракета ататын HIMARS қаруын берген еді. Осыдан соң Украина Ресейдің бақылауындағы аймақтардағы 20-ға жуық қару қоймасын жойған. Ресей президенті Путин HIMARS "арнайы операцияға" "әсер етпейді" деген еді.

АҚШ-тың HIMARS қаруы Украинаға қалай көмектесіп жатыр?
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:27 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG