Accessibility links

Үкімет мектепте оқу жылын ұзартып, жазғы демалысты қысқартуды көздейді


Алғашқы қоңырау. Көрнекі сурет.
Алғашқы қоңырау. Көрнекі сурет.

Қазақстанда оқу жылы екі аптаға ұзаруы мүмкін. Ағарту министрі жарлығының жобасында осылай делінген.

Құжатқа сәйкес, бірінші сыныптағы оқу жылы енді 35 аптаға созылады. Қолданыстағы ережеде 33 апта деп көрсетілген. Министрлік қалған сыныптарда оқитындардың оқу жылын 36 апта деп белгілеуді ұсынды (қазір 34 апта).

Жарлық жобасына сәйкес, оқу жылы аралығындағы демалыстар былайша бөлінеді:

- 1–11-сыныптар (12-сыныптар да): күзгі демалыс — жеті күн (31 қазаннан 7 қарашаға дейін), қысқы демалыс — тоғыз күн (31 желтоқсаннан 9 қаңтарға дейін), көктемгі демалыс — тоғыз күн (18 наурыздан 27 наурызға дейін);

- бірінші сыныпта оқитындарға қосымша демалыс — жеті күн (6 ақпаннан 13 ақпанға дейін).

Ағарту министрлігі жазғы демалыстың қысқаруы балалардың алдыңғы оқу жылында алған білімін ұмытпауына көмектеседі деп есептейді.

Маусым айында ағарту министрлігінің мектеп бағдарламасына түзету енгізетіні хабарланған. Оған сәйкес, қазақ мектептерінде бірінші сыныпта тек қазақ тілі, ал орыс мектептерінде қазақ және орыс тілдері оқытылмақ. Осыған дейін қатарынан үш тіл: қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылып келген. Жаңа өзгеріс бойынша қазақ мектептерінде орыс тілі – екінші сыныптан бастап, ағылшын тілі үшінші сыныптан бастап оқытыла бастайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG