Accessibility links

Лос-Анжелес саябағындағы атыс: Екі адам өліп, бес адам жараланған


АҚШ-тың Лос-Анжелес қаласының саябағында автомобиль клубтарының бірі ұйымдастырған, бірнеше жүз адам қатысқан шоу кезіндегі атыстан кемі жеті адам зардап шеккен. Бұл жөнінде қаланың өрт сөндіру қызметіне сілтей отырып, "Америка дауысы" хабарлаған. New York Times жазуына қарағанда, зардап шеккендердің екеуі өлген.

Жедел жәрдем 23-54 жас арасындағы төрт еркек пен үш әйелді атыстан кейін ауруханаға алып кеткен. Кемі үш адамға оқ тиген, қылмыскер ұсталмаған.

Америкада кейінгі кездері жиілеген жаппай атысқа байланысты президент Джо Байден дүкендерде қару сатуға шектеу қою, қару сатып алуға рұқсат беретін жасты 18-ден 21 жасқа көтеру жөнінде ұсыныс жасаған. Таяуда АҚШ-тың Индиана және Техас штаттарында да осыған ұқсас атыс болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG