Accessibility links

Министр: Қазақстан 2025 жылға дейін қант өндіруді 80 пайызға көбейтеді


Қант бағасы.
Қант бағасы.

Қазақстанның ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев 2025 жылдың соңына қарай қант өндіруді 80 процентке дейін жеткіземіз деді.

– 2025 жылдың соңына дейін қант қызылшасын егуді көбейту жөнінде нақты жоспар бар. 2025 жылға қарай қант импортын екі есеге түсіреміз, - деді Қарашөкеев.

Наурыз айында Ресей қант экспортына тыйым салғаннан кейін, Қазақстанда қант тапшылығы болып жатыр.

– Былтыр қанттың 70 проценті Ресейден келді. Қазір басқа жолдарды қарастырып жатырмыз. Бұл - қант шикізатына қатысты квотаны көбейту. Сосын Ресейге санкция салынғаннан кейін, көлік-логистикалық жолдар қиындады. Бұрын 20 мың тоннаға дейін қант өткізетін болсақ, қазір 5 мың тонна ғана аламыз. Жеткізу мерзімі де біршама ұзарды, - деді Қарашүкеев.

Қазір Қазақстанда төрт қант зауыты бар.

Министрдің болжамы бойынша, Ресей қыркүйекте қайтадан қантты экспорттай бастайды. Сол кезде қант бағасы түседі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG