Accessibility links

Владимир Зеленскийге "адам нанғысыз батылдығы үшін" Черчилл атындағы сыйлық берілді


Владимир Зеленский.
Владимир Зеленский.

26 шілдеде Украина президенті Владимир Зеленский Уинстон Черчилл атындағы сыйлыққа ие болды. Британ үкіметінің хабарлауынша, аталған сыйлық Украина басшысына "Путиннің жабайы басқыншылығына төтеп беріп, адам нанғысыз батылдық пен қайсарлық көрсеткені үшін" берілген.

Сейсенбі күні украин президентіне сыйлықты Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон тапсырды. Марапаттау рәсімі Даунинг-стритте өтті. Зеленский оған видеобайланыспен қатысты. Кейін Телеграмда "украин халқы тиранияға қарсы тұтас қарсы шықпағанда, бұл сыйлыққа қол жеткізбеген болар едік" деп жазды.

Черчилл халықаралық қоғамының сайтындағы мәліметке сәйкес, бұл сыйлық "бойынан сэр Уинстон Черчиллге тән көшбасшылық қасиеттері көрінген" адамдарға беріледі. Бұрын ол Уэльс ханзадасы Чарльз, Ұлыбритания премьер-министрі Маргарет Тэтчер, АҚШ мемлекеттік хатшысы Мадлен Олбрайт және өзге тұлғаларға берілген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG