Accessibility links

Ресейде суррогат ана болған Қазақстан азаматы үш жылға түрме жазасына кесілді


Красноярск соты суррогат ана болған Қазақстан азаматы Тамара Яндиеваны үш жыл түрме жазасына кесті. Ол адам саудасына қатысты қылмыста кінәлі деп танылды. Яндиева – Ресейде сотталып отырған алғашқы суррогат ана. Елде суррогат ана болуға тыйым салынбаған.

2019 жылы Яндиева суррогат аналарды таңдайтын агенттікпен келісім жасасып, шетелдік ерлі-зайыптының баласын көтерген. Бала дүниеге келгеннен кейін оны ата-аналарына жіберуі тиіс болған, бірақ бұған коронавирус пандемиясы бөгет болған. 2021 жылы агенттік үстінен адам саудасы туралы қылмыстық іс қозғалған. Яндиева мен адвокаты үкімге шағым түсірмек.

  • Ресейде суррогат ана болу мәселесін Отбасы кодексі және "Азаматтардың денсаулығын қорғау негіздері туралы" заң реттейді. Ерлі-зайыптылардың баласын көтеруге келіскен әйел оны ақысыз немесе ақшаға жасай алады.
  • 2021 жылы мемлекеттік дума ресейліктерге шетелдіктердің тапсырысы бойынша суррогат ана болуға тыйым салатын заң жобасына түзетулерді бірінші оқылымда мақұлдаған, алайда екінші оқылымда кері қайтты.
  • 2020 жылы Ресей тергеу комитеті мәскеулік репродуктолог-дәрігерлер ұжымын адам саудасына айыптаған. Дәрігерлер суррогат ана болу бағдарламасымен де айналысқан. Дәрігерлерге адам саудасына қатысты 11 эпизод бойынша айып тағылды: суррогат ана туған нәрестелер шетелдік ата-аналарына жіберілуі тиіс болған, алайда пандемияға байланысты шетелдіктер балаларын уақытында ала алмаған. Нәрестелердің бірі шетінеп кеткен, қалғаны балалар үйлеріне жіберілген. Құжаттармен жұмыс істеген аудармашы Кирилл Анисимов алты жылға бас бостандығынан айырылды. Қалған айыпталушылардың істері қаралып жатыр.
XS
SM
MD
LG