Accessibility links

Ресейдің Қара теңіз флоты штабына дронмен шабуыл жасалғаны хабарланды


Мәскеу аннексиялап алған Қырымның Севастополь қаласында дрон Ресей әскери-теңіз күштерінің Қара теңіз флоты штабына шабуыл жасады. Бұл жөнінде Севастополь губернаторы Михаил Развожаев Телеграмда хабарлады.

Оның айтуынша, алты адам зардап шеккен. Барлығы – штаб қызметкерлері. Екеуі орташа дәрежедегі жарақат алған, төртеуі жеңіл жарақаттанған. Бұған дейін жарылыстан бес адамның жараланғаны хабарланған еді. Қаза болғандар жоқ.

Шабуылға байланысты Севастопольде әскери-теңіз күштер күніне арналған мерекелік шаралардың барлығы шегерілген. Губернатор азаматтарға үйде қалуға кеңес берген. Оқиға орнында ФСБ қызметкерлері тергеу жүргізіп жатыр.

Блогер Развожаев әскери дрон Украина қарулы күштеріне тиесілі деп жазды.

Қара теңіз флотының баспасөз қызметі штабта "қуаты аз жарылғыш" іске қосылғанын, оның қолдан құрастырылған дронға орнатылғанын хабарлады.

Аннексияланған Қырымнан федерация кеңесіне сайланған Ольга Ковитиди дрон қала ішінен ұшырылғанын айтты.

Украина жағы жарылысқа байланысты түсініктеме бермеді. Одесса облысының әскери әкімшілігінің өкілі Сергей Братчук дрон шабуылын арандату әрекеті деп атап, Украинаның Севастопольге соққы жасамағанын айтты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG