Accessibility links

Ресейдің теңіз доктринасында Владимир Путин НАТО мен АҚШ-ты негізгі қатер деп атады


Владимир Путин Ресей теңіз доктринасын бекіту туралы жарлыққа қол қойды. Жарлық 31 шілде, жексенбіден бастап күшіне енеді.

Путин Санкт-Петербург пен Кронштадта өткен әскери теңіз күштерінің парадында "Ресейдің ұлттық мүдделерінің шегі мен аймақтары" жаңа доктринада көрсетілгенін айтты. Оның ішінде Қара теңіз де бар.

Доктринада "Ресейге төніп тұрған негізгі қатер - НАТО белсенділігінің артқаны, АҚШ-тың әлем теңіздерінде үстемдікке ұмтылуы, бірқатар мемлекеттердің Мәскеуге жер талаптары және теңіздегі белсенділігін төмендету үшін Ресейге жасалып отырған ақпарат және соғыс қысымдары" деп көрсетілген.

Ресей теңіз доктринасын 2001 жылдан бері алғаш қабылдап отыр. Қырымды аннексиялаған соң, 2015 жылдың жазында бір рет жаңартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG