Accessibility links

АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Қытайдың қарсылығына қарамастан Тайваньға келді


АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси
АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси

АҚШ Конгрессі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің ұшағы 2 тамыз кешкісін Тайбэй қаласындағы Суншань әуежайына қонды. Пэлоси мінген ұшақ қонардан бұрын Қытай басылымдары Қытайдың Су-35 әскери ұшағы Тайвань аралын маңайлағанын жазды.

Тайбэйлік "Саньли" телеарнасы дереккөздеріне сілтеме жасап, Пэлоси бастаған делегация Тайбэйдегі Grand Hyatt қонақ үйінен 48 нөмер брондағанын хабарлады.

Пелоси Тайваньға сапарын 3 тамыз кешке аяқтайды деп жоспарланған. Ол отельде баспасөз мәслихатын өткізіп, Тайвань әкімшілігінің басшысы Цай Инвэньмен кездесуі тиіс.

Пэлоси 31 шілдеде Азияға тур бастаған. Ол сапары барысында Малайзия, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Кореяға барды. Ол Ақ үйдің қарсылығына қарамастан Тайваньға баруы мүмкін деп айтылған еді.

Пекин Пэлосидің Тайваньға барғанына қарсы шыққан. Қытай Тайвань аралын өзінің территориясы санайды. Қытай басшысы Си Цзиньпин АҚШ "отпен ойнамауы керек" деп ескертті. Ал 2 тамызда Қытай Тайваньға жақын Фуцзянь провинциясында әскери жаттығу бастады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG