Accessibility links

Украина билігі 903 Ресей активін кәмпескелеуді мақұлдады


Украина министрлер кабинеті мемлекет кәмпескелейтін Ресей мүліктері мен активтерінің тізімін мақұлдады. Бұл жөнінде үкімет отырысы кезінде премьер-министр Денис Шмыгаль мәлімдеді.

"Бүгін үкімет Ресейге тиесілі 903 нысанды кәмпескелеуді ұсынатын президент жарлығын бекітті. 79-ы – корпоратив құқығы, 824-і – мүлік" деді Шмыгаль.

Оның айтуынша, барлық нысан үш категорияға бөлінген: Ресей мемлекетіне тиесілі мүлік; санкцияға ілінген Ресей азаматтары мен компанияға тиесілі активтер және Ресей банктерінің активтері.

Шмыгальдың айтуынша, кәмпескеленген активтер ақшаға конвертацияланып, Украинаның қорғаныс саласына және елді қалпына келтіруге жұмсалмақ.

23 мамырда Украина президенті Владимир Зеленский Ресей басқыншылығын қолдайтын азаматтардың мүліктері мен активтерін мемлекет пайдасына кәмпескелеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойған.

10 наурызда Зеленский Ресей азаматтарының мүлкін күшпен тәркілеуге мүмкіндік беретін заңға қол қойған. Құжатқа сәйкес, "Ресейдің Украина мен украин халқына қарсы басқыншылығын ескере отырып" тәркілеу процесі компенсациясыз жүзеге асырылады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG