Accessibility links

Конгрестің жоғары палатасы Дэниел Розенблюмді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі етіп бекітті


Дэниел Розенблюм

Америка сенаты Дэниел Розенблюмді АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі етіп бекітті, деп хабарлады АҚШ елшілігі.

Бұған дейін АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі қызметін Джуди Куо атқарып келген.

Розенблюм 2019 жылдан бері АҚШ-тың Өзбекстандағы елшісі болған. Сенат Өзбекстан елшісі қызметіне Джонатан Хениктің кандидатурасын мақұлдаған.

Елші қызметіне дейін Розенблюм АҚШ мемлекеттік департаментінің Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі бюрода мемлекеттік хатшы көмекшісінің орынбасары болған. Оның міндетіне АҚШ саясатын басқару мен Орталық Азия елдерімен дипломатиялық қатынас орнату кірген.

АҚШ мемлекеттік департаментіне дейін Розенблюм Еркін кәсіподақ институты бағдарламасының (FTUI) аға үйлестірушісі болған. Розенблюм FTUI-дің Мәскеу, Киев, Алматы мен Варшавадағы кеңселерінде жұмыс істеген.

Йель университетінің түлегі Джон Хопкинс атындағы халықаралық зерттеулер мектебінде советтік зерттеулер және халықаралық экономика саласында магистр дәрежесін алған.

XS
SM
MD
LG