Accessibility links

АҚШ әділет департаменті Ресей депутаты, миллиардер Андрей Скочтың ұшағын алып қоюға ордер берді


Андрей Скотч
Андрей Скотч

АҚШ-тың әділет департаменті Ресей думасының депутаты, миллиардер Андрей Скочтың Airbus A319 ұшағын арестке қою жөнінде ордер берді. Ордерде Скочтың АҚШ санкциясындағы адам екені көрсетілген.

Ұшақтың бағасы 90 миллион доллардан асады. Әділет департаментінің хабарында ФБР директорының көмекшісі Майкл Дрисколлдың "Ресейдің әскери агрессиясын қолдайтын олигархтар жауап беруге тиіс" деген сөзі берілген.

Миллиардер Скоч арестке қойылған ұшағы жөнінде пікір айтпаған. Оның өкілдері бұған дейін ұшақтың кімге тиісілі екенін де айтпай келген. Ұшақтың қазір қайда екені белгісіз. Ұшақтың әуедегі ізін бақылайтын кейбір танымал сайттардан бұл ұшақ жөнінде мәлімет жасырылған. 2019 жылы Forbes журналы бұл ұшақтың Мәскеудегі Внуково әуежайында жиі болатынын жазған.

Андрей Скоч 1999 жылдан мемлекеттік дума депутаты. Forbes журналы жасаған Ресей байларының тізімінде 4,7 миллиард доллармен 26 орында тұр.

АҚШ-тың санкция тізіміне 2018 жылы Ресейдің 17 шенеунігімен бірге кірген. Ол тізім "2016 жылы АҚШ-тағы президент сайлауына Ресей араласты" деген күдіктен кейін жасалған. Ресей Украинаға басып кірген соң мемлекеттік думаның өзге депутаттарымен бірге Скоч та АҚШ, Еуропа одағы, Ұлыбритания, Жапония және тағы да бірнеше мемлекеттің санкция тізіміне ілінген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG