Accessibility links

Ресей Байқоңыр ғарыш айлағынан Иран спутнигін ұшырды


"Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшыру сәті. Байқоңыр ғарыш айлағы. 9 тамыз 2022 жыл
"Союз-2.1б" зымыран тасығышын ұшыру сәті. Байқоңыр ғарыш айлағы. 9 тамыз 2022 жыл

9 тамызда Ресейдің "Союз-2.1б" зымыран тасығышы Иран спутнигін орбитаға алып шықты. Бұған дейін бұл спутникті Ресей Украинадағы соғыс мақсаттарына пайдалануы мүмкін деген күмән айтылған.

Иранның "Хайям" спутнигі Байқоңыр ғарыш айлағынан Нұр-Сұлтан уақытымен 11:52-де ұшырылған. Ресейдің "Роскосмос" компаниясы youTube-арнасынан тікелей трансляция жүргізген.

Өткен аптада Американың Washington Post газеті АҚШ Ресей мен Иранның ғарыш саласындағы ынтымақтастығына алаңдайтынын, "спутник Ресейге Украина мәселесі бойынша ғана көмектеспей, Иранның Израиль мен Таяу Шығысты әскери мақсатта бақылауына бұрын-соңды болмаған мүмкіндік туғызады" деп қауіптенетінін жазған еді.

Тегеран бұл спутник тек ғылыми мақсатқа, ауыл шаруашылығына байланысты табиғат радиациясын бақылауға арналғанын, спутник жинаған ақпаратты ешбір өзге ел ала алмайтынын мәлімдеген.

Ресей биыл ақпанда Украинаға басып кірген соң Иранмен байланысын тереңдете түскен.

Өткен айда президент Владимир Путин барған. Бұл — оның Украинаға басып кіргелі постсоветтік елдер шегінен алғаш рет сыртқа сапарлағаны.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG