Accessibility links

Қырымдағы Ресейдің әскери аэродромында бірнеше жарылыс болғаны хабарланды


Саки аэродромы.
Саки аэродромы.

9 тамызда аннексияланған Қырымдағы Новофедоровка курорттық елдімекеніндегі Саки аэродромында бірнеше жарылыс болғаны хабарланды. Бұл туралы жергілікті тұрғындар Reuters агенттігіне айтқан. Азаттық радиосының Крым. Реалии сайтының жазуынша, мұнда әскери қару-жарақ қоймасы өртеніп жатыр.

Ал Ресей қорғаныс министрлігі аэродром аумағында авиациялық қару-жарақ жарылғанын мәлімдеді. Ал Новофедоровка билігі бірнеше жарылыс болғанын айтты. Бұған қоса, оқиға орнына жедел жәрдем қызметі мен санитарлық авиация жіберілгені де хабарланды.

Саки аэродромы Херсон облысындағы Украина әскерінің позициясынан 200 шақырым жерде орналасқан. Крым.Реалии сайтының жазуынша, бұл аэродромда Ресейдің 3-авиациялық полкі орналасқан, полк құрамында
Су-30СМ, Су-33 және Су-24М ұшақтары бар. Бұған дейін полктің Украинадағы соғысқа қатысып жатқаны айтылған.

Саки аэродромы 2014 жылдан бері Ресей әскерінің базасына айналған. Ресей бұл жерден соғыс басталғалы жиі ұшақ ұшырады. 1945 жылы ақпанда бұл аэродромға антигитлерлік коалиция басшылары – АҚШ президенті Франклин Рузвельт пен Британия премьері Уинстрон Черчилль мінген ұшақтар қонған. Олар мұнда Ялта конференциясына қатысуға келген еді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG