Accessibility links

Ресейде өзбек диаспорасы Украинадағы соғысқа қатысу үшін батальон құруды ұсынды


“Пермь аймағындағы Орталық Азия өзбектері қоғамы" лидері Жахонгир Жалолов Украинадағы соғысқа қатысу үшін Темірлан атындағы батальон құруды ұсынды. Оның видео үндеуін Vetta телеканалы жариялады.

"Біздің балалар балабақшаға барады, мектептерде және университеттерде білім алады. Біз Ресейде тұрып, жұмыс істеп жатырмыз. Біз жеген нанды ақтауға міндеттіміз. Ерікті батальон құрып, оны Әмір Темір [Темірлан] деп атауды сұраймын" деді Жалолов.

"Коммерсант" басылымы осыған дейін Ресей аймағында соғысқа қатысу үшін 40-тан астам ерікті топ құрылғанын жазған.

Ерікті батальонға қосылғандар Ресейдің қорғаныс министрлігімен бірнеше айға келісімге отырып, кейін қызметін өтеген жауынгерлер ресми мәртебе алады. Оларға айына 130 мыңнан 300 мың рубльге дейін айлық төлейді. Осының алдында Соғысты зерттеу институты Ресейде еріктілерге айлық кешіктіріліп жатқанын жазған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG