Accessibility links

Ресей Орталық банкі мигранттардың шетелге аударған ақшасы туралы ақпарат жарияламайтын болды


Ресейдің Орталық банкі еңбек мигранттарының шетелге қанша ақша аударғаны туралы мәліметті құпиялады.

Бұл жөнінде ақпарат Орталық банктің ресми сайтында жазылған. Себебі айтылмаған.

Осыған дейін Ресейдің бас қаржы реттеушісі шетелге аударылған ақша жайында әр үш айда мәлімет беріп келген. Соңғы рет мұндай мәліметті 2021 жылдың екінші жарты жылдығында берген.

Орталық банктің ресми мәліметі Тәжікстан БАҚ-тарына мигранттардың Тәжікстанға қанша ақша аударатынын анықтайтын жалғыз ақпарат көзі болатын. Себебі, ресми Душанбе соңғы он жылдан бері мигранттардың аударған ақшасы жайлы заң жүзінде құпия болмаса да, ешқандай мәлімет бермейді.

Тәжік экономисі Бахром Шарифов Батыс елдері салып жатқан санкцияларға байланысты Ресей кейбір мәліметтерді жасыруға тырысып жатыр деп есептейді. Оның сөзінше, қазір тек мигранттардың ақша аударымы жайындағы мәлімет ғана емес, импорт тауарлар жөніндегі статистика да жарияланбайтын болған.

Тәжікстан экономикасы еңбек мигранттарының ақшасына көп ықпал етеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG