Accessibility links

Латвия сеймі Ресейді "терроризмге демеуші болып отырған ел" деп таныды


11 тамызда Латвия сеймі (парламенті) Ресейді "терроризмге демеушілік жасап отырған ел" деп таныды. Парламент отырысында қабылданған қаулыда "Ресей Украина аумағында бейбіт тұрғындарға әдейілеп шабуыл жасап жатқаны" айтылады. Қаулыны 67 депутат қолдаған, 16 депутат дауыс бермеген. Бұл туралы Delfi сайты хабарлады.

Қаулыда Латвия депутаттары Еуроодақ елдерін Ресей мен Беларусь азаматтарына туристік виза бермеуге шақырды. Латвия тамыздың басында Ресей мен Беларусь азаматтарына виза беруді тоқтатқан.

Депутаттар мәлімдемесінде Ресейдің Украинаға басқыншылығы "әдейі жасалған геноцид" деп атаған.

  • Шілденің соңында АҚШ сенаты Ақ үйден Ресейді "терроризмге демеуші болып отырған ел" деп тануға шақырған. Сенаторлар Ресей Шешенстан, Грузия, Сирия және Украинадағы жазықсыз халықтың өліміне жауап беруі тиіс деген.
  • АҚШ мемлекеттік департаменті бұл қадамға бармай отыр. New York Times басылымының жазуынша, Джо Байденнің әкімшілігі Ресейді "терроризмге демеуші ел" таныса Мәскеумен дипломатиялық байланыстардың бәрін үзуге тура келеді деп санайды.
  • Ресей Украинада бейбіт тұрғындарға шабуыл жасағанын жоққа шығарып, тек әскери объектілерге соққы жасап жатқанын алға тартады. БҰҰ есебі бойынша, Украинада кемі 5100 бейбіт тұрғын қаза болған. БҰҰ бейбіт тұрғындар арасында қаза тапқандар саны бұдан әлдеқайда көп деп санайды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG