Accessibility links

Ереванда сауда орталығындағы жарылыста ондаған адам жараланды


Ереван сауда орталығындағы өрт. 15 тамыз 2022 жыл.
Ереван сауда орталығындағы өрт. 15 тамыз 2022 жыл.

Армения астанасы Еревандағы "Сурмалу" сауда орталығында болған жарылыстан бір адам қаза болып, 51 адам жарақаттанды. Бұл туралы Азаттықтың Армян қызметі хабарлады.

Төтенше жағдай министрлігінің хабарлауынша, жарылыстан кейін өрт шыққан. Үйінді астында адамдар қалуы мүмкін екені айтылады.

Әзірге жарылыс себептері белгісіз. Әлеуметтік желілердегі ақпаратқа қарағанда, ғимаратта отшашу жарылған болуы мүмкін. Бірақ билік бұл ақпаратты растаған жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG