Accessibility links

Қырымдағы Ресей соты караоке-барда украин әнін қойған диджейді қамау жөнінде шешім шығарды


Аннексияланған Қырымдағы Ресей соты Щёлкино қаласының караоке-барында украина рэпері Yarmakтың "Жабайы алқап" деген әнін қосқаны үшін диджейді 10 тәулікке қамау туралы шешім шығарды.

Айыптау қорытындысында "кафеге адам жиналып, ән қосылғанда проекторда Ресей федерациясында тыйым салынған "Азов" батальонының нацистік символикасы көрсетілді" деп жазылған. Осыған байланысты диджей Юрий Родионовты айыпты деп санаған.

Сот кезінде Родионов тағылған айыпты ішінара мойындаған. Ол "украин әнін барға келгендердің бірінің тапсырысы бойынша қойдым, мазмұнын білмедім" деген.

Кейінірек Қырым пабликтері әнге тапсырыс берген адамның кешірім сұрап тұрған видеосын жариялаған, видео полиция бөлімшесінде түсірілгенге ұқсайды.

Кадрда қолын артына ұстап тұрған Дмитрий Гент деген адам украин әніне тапсырыс бергеніне кешірім сұараған және Ресей әскерінің Украинадағы "опеарциясын" толық қолдайтынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG