Accessibility links

Жемқорлықпен күрес: Халыққа қызмет көрсету орталықтары мүгедектерге заңсыз салық төлеткен


Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысының халыққа қызмет көрсету орталықтары паспорт пен жеке куәлік берген кезде мүмкіндігі шектеулі адамдардан заңсыз салық алғанын мәлімдеді.

Агенттік мәліметіне қарағанда, халықа қызмет көрсету орталықтары мүмкіндігі шектеулі 500-ден астам адамға заңсыз салық төлеттірген. Салық кодексі бойынша, Қазақстанда мүмкіндігі шектеулі адамдардан салықтың кей түрлері алынбайды. "Қазір заңсыз алынған салықты қайтару жұмыстары жүріп жатыр" дейді ведомство.

Заңсыз алынған салық сомасы 1 345 000 теңгеге (2 824 доллар) жеткен.

Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл алда мұндай әрекет қайталанбас үшін ақпарат жүйесін сапалы интеграциялау, жеке тұлғалардың кей санаттарына арналған жеңілдіктер туралы заңнаманы мұқият оқуды міндеттеген.

Қазақстан 2015 жылы БҰҰ-ның "Мүгедектер құқығы туралы" конвенциясын бекіткен. Бұл конвенция бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдардың өміріне қолайлы жағдай жасалып, әлеуметтік, құқықтық көмек көрсетілуге тиіс.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG