Accessibility links

Харьковте атыс кезінде жеті адам опат болды


Украинада Харьков қаласының Салтовка ауданы атқылауға ұшырап, көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің маңына зымыран құлады. Ізінше өрт болды. Украина төтенше жағдай қызметінің хабарлауынша, 7 адам опат болған, 13 адам жараланған.

Украина президенті Владимир Зеленский Телеграмда атқылауға ұшыраған ғимараттың жатақхана екенін жазды. Зеленский шабуылды "азаматтық нысандарға жасалған жымысқы соққы" деп атады.

Ресей қорғаныс министрлігі оқиғаға түсініктеме бермеді. Мәскеу күн сайын таңертең Ресей армиясының әрекеті туралы хабарлама таратады.

Соғыс жағдайында ақпараттарды тексеру қиын.

XS
SM
MD
LG