Accessibility links

Ақтөбе полициясы ит қапқан баланың өліміне қатысты істі жапты


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Ақтөбе облысының полиция департаменті 9 тамызда денесі табылған 12 жасар баланың өліміне қатысты істі тоқтатты. Бұл жөнінде жергілікті БАҚ жазды.

Полицияның хабарлауынша, сот медицина сараптамасы баланың ит қапқаннан кейін мерт болғанын анықтаған.

"Қылмыстық құрам болмағандықтан іс бойынша өндіріс тоқтатылды" деді Ақтөбе облысы полиция департаментінің тергеу басқармасы бастығының орынбасары Нұрболат Сұлтанов.

12 жастағы Мадияр Шакираттың денесі 9 тамызда қаладағы Есет батыр тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңынан табылған. Баланың денесінде жануар тісінің іздері болған.

Осыған дейін Ақтөбеде мектептен қайтып келе жатқан кішкентай қызға иттердің жабылғаны жайлы хабар тараған. Қызды сол маңнан өтіп бара жатқан тұрғындар құтқарған. Оқушы ауруханаға жатқызылған.

12 жасар бала өлімінен кейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Иманқұлов оқиғаға өзін кінәлі санағандықтан "өкілетінен бас тартуға әзір" екенін мәлімдеген. Әзірге шенеуніктің отставкаға кеткені жөнінде ақпарат болған жоқ.

XS
SM
MD
LG