Accessibility links

Түркия Украинаның инфрақұрылымын қалпына келтіруге көмектеседі


Түркия мен Украина жағы инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселесі қарастырылған өзара түсіністік меморандуымына қол қойып жатыр. 18 тамыз 2022 жыл.
Түркия мен Украина жағы инфрақұрылымды қалпына келтіру мәселесі қарастырылған өзара түсіністік меморандуымына қол қойып жатыр. 18 тамыз 2022 жыл.

Украина инфрақұрылым министрі Александр Кубраков пен Түркияның сауда министрі Мехмет Муш соғыстан кейін Украинаны қалпына келтіру ісіне түрік тарабының қатысуы қарастырылған өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Ақпаратқа қарағанда, меморандумға Украина президенті Владимир Зеленский мен Түркия басшысы Режеп Ердоғанның Львов қаласындағы келіссөзі аясында қол қойылған.

"Түркия – біздің страгиялық әріптесіміз. Ресей талқандаған инфрақұрылымды қалпына келтіруге көмектесуге дайын екенін білдіргені үшін түрік әріптестерімізге разымыз. Түрік кәсіпкерлерінің жол және көпір салуда үлкен тәжірибесі бар. Олар Запорожье және Кременчуг көшелерін салып, сенімді әріптес ретінде көрінген. Сондықтан жақында инфрақұрылымды бірлесіп қалпына келтіруде нақты нәтижеге жетеміз деген ойдамыз", - деді Кубраков.

Алдымен Буча мен Ирпень қалаларын Киевпен байланыстырған Романовка ауылындағы көпірлерді қалпына келтіру қаралып жатыр.

Жақында украин-түрік бірлескен жұмыс тобы құрылып, түрік инвестициясын нақты жобаларға тарту механизмдері жасалады.

Зеленскийдің айтуынша, Түркия президентінің Украинаға сапары – қуатты мемлекеттің Украинаны қолдайтынын айғақтайтын пәрменді сигнал. Ол Ердоғанмен астықты украин порттары арқылы шығаруды жақсарту, Запорожье АЭС-індегі ахуал, Мәскеудің "ядролық шантажы", "Ресейдің бидай ұрлауы" және қорғаныс саласындағы әріптестік мәселесін талқылаған.

Зеленский мен Ердоған Львов қаласында кездесу өткізгеннен кейін БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерришпен жолықты. 40 минутқа созылған кездесуде тараптар азық-түлік келісімін, Запорожье АЭС-і төңірегіндегі жағдайды және әскери әріптестікті талқылаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG