Accessibility links

Ресей: ҰҚШҰ мүшелерінің "дос емес елдермен" байланысы Мәскеуге зиян тигізбеуі тиіс


ҰҚШҰ-ға мүше елдердің тулары.
ҰҚШҰ-ға мүше елдердің тулары.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына (ҰҚШҰ) мүше елдердің Ресейге "дос емес елдермен" байланысы Мәскеумен стратегиялық әріптестікке зиян тигізбеуі тиіс, деп мәлімдеді Ресей СІМ ақпарат департаменті директорының орынбасары Иван Нечаев. Бұл туралы РБК хабарлады.

"Ресейге "дос емес" елдермен байланыс біздің елмен стратегиялық әріптестікке нұқсан келтірмеуі тиіс, мұндай жағдай ҰҚШҰ мен ЕАЭО, ТМД мен ШЫҰ секілді бірлестіктердегі келісімдерге қайшы", — деп мәлімдеді Нечаев.

Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь, және Тәжікстан кіреді.

Украина аумағына басып кіріп, Батыс елдерінің санкцияларына ұшыраған Ресей "дос емес елдер мен аймақтар" тізімін дайындай бастады. Оған АҚШ пен Канада, Еуроодақ елдері, Ұлыбритания (оның ішінде Джерси, Ангилья, британдық Виргиния аралдары, Гибралтар), Украина, Черногория, Швейцария, Албания, Андорра, Исландия, Лихтенштейн, Монако, Норвегия, Сан-Марино, Солтүстік Македония, сонымен бірге Жапония, Оңтүстік Корея, Австралия, Микронезия, Жаңа Зеландия, Сингапур және Тайвань кіреді.

Шілде айында Ресей бұл тізімге Грекия, Дания, Словакия, Словения және Хорватияны қосты.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG