Accessibility links

Ресейдегі жол апатында Қырғызстанның 14 азаматы опат болды


Ресейдің Ульяновск облысында ірі жол апаты болған. Қырғызстан сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, жол апатында Қырғызстанның 14 азаматы опат болып, 3 азаматы ауруханаға түскен.

Жол апаты Николаев ауданы Прасковьино және Новоспасское ауылдарының арасындағы М-5 “Урал” тас жолында болған. Желі қолданушылар оқиға орнынан видеолар мен суреттер жариялап жатыр. Олардың сөзінше, жүк көлігі жолдың жиегінде тұрған микроавтобусқа соққан.

Ульяновск облысының губернаторы Алексей Русских телеграм арнасында Николаев ауданынының дәрігерлері үш адамның өмірін сақтап қалуға тырысып жатқанын мәлімдеді.

“Екі еркек пен бір әйелдің жағдайы ауыр. Оларға медициналық көмек көрсетіліп жатыр. Ульяновскідегі арнайы травмотологиялық орталыққа ауыстырылады”-деді ол.

22 тамызда Азаттықтың қырғыз қызметіне белгілі болғандай, Ресейде көлік апатынан қайтыс болғандардың денесін Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың арнайы ұшағымен Қырғызстанға жеткізіледі.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG