Accessibility links

Қазақстан билігі "заңсыз" контентті жою жөнінде әлеуметтік желі иелерімен келіскен


Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш министрлігінің 2022-2027 жылдарға арналған цифрлық даму экожүйесінің тұжырымдамасына сілтеме жасаған КазТАГ агенттігі Қазақстан билігінің Telegram мессенджерінің, TikTok сервисінің және халықаралық ресурстардың иелерімен заңсыз контентті жою жөнінде келіскенін хабарлады.

"Қазіргі таңда ВКонтакте", "Одноклассники", Mail.ru, Livejournal, Facebook, Instagram, Tiktok, Linkendin, Telegram мессенджері сияқты халықаралық әлеуметтік желілердің иелерімен халықаралық құқыққа және Қазақстан заңнамасына қайшы контентті жою жөнінде конструктивті байланыс жолға қойылды. Facebook, Instagram компанияларының аймақтық әкімшіліктерімен іскерлік байланысқа орнатылды”, - дейді тұжырымдамада.

Тұжырымдамада “Аталған интернет-компаниялардың әкімшіліктері құқыққа қайшы контентті жою жөніндегі әріптестікті түсіністікпен қабылдайды” деп жазылғанымен, құжатта “Олардың (әлеуметтік желі) басшыларының айтуынша, құқыққа қайшы материалдар жойылғанымен қайта пайда бола беретінін, яғни мұндай шаралардың нәтижесі шамалы болуы мүмкін деп санайтыны” жазылған.

Әлеуметтік желілерге мониторинг тұжырымдамасының авторлары құқыққа қайшы ақпараттардың таратылуымен күресті Қазақстан заңнамаларын сақтауға арналған "негізгі құралдардың бірі" деп атады.

“Мониторинг кезінде шетелдік интернет-ресурста заң бұзушылықтар анықталса, ақпарат саласындағы құзырлы органдар оны Қазақстан аумағында шектеуге шешім шығарады. Қазақстан заңнамасына қайшы көптеген материалдар (терроризмді насихаттау, экстремизм, қатігездікті дәріптеу, порнография, суицид, есірткі, т.б.) кейінгі жылдары әлеуметтік медиаларда таралғандықтан, негізгі акцент әлеуметтік желі әкімшіліктерінің алдын алу мәселесіне қойылады”, - делінген тұжырымдамада.

“Әлеуметтік желі мессенжерлерінің, интернет-ресурстардың әкімшіліктері біздің еліміздегі бизнес-мүддесі айтарлықтай жоғары болмағандықтан Қазақстан Республикасының ресми органдарымен конструктивті диалог орнатуға аса құлықты емес”, - дейді құжатта.

Құжатты әзірлеушілердің айтуынша, жаһандық интернет платформалардың қызметін реттеу жайлы заңнама балаларды кибербуллингтен қорғау заңнамасының аясында 2020 жылдан бері жетілдірілген.

Қазақстан үкіметі шілденің аяғында ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне мессенжерлер мен әлеуметтік желілердің жұмысына шектеуге құзырет беретін қаулы қабылдаған.

Қаулыда ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қазақстанда шетелдік онлайн-платформалалардың немесе бір сәтте хабар алмасуға мүмкіндік беретін сервистердің жұмысын шектеуге; қылмыстық жолмен алынған пайданы заңдастыруға (ізін жасыруға), терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті органға осындай ақпаратты ұсынып, коммерциялық емес ұйымдардың "терроризмді қаржыландыру қаупін" анықтау қызметіне талдау және мониторинг жасауға құқығы бар .

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бұған дейін сарапшылар мен белсенділер сынаған кибербуллинг туралы заңға қол қойған. Депутаттардың балаларды қудалаудан қорғайтын заңнамалық шаралар туралы ұсыныстары әлеуметтік желілер мен мессенжерлердің иелерін “қудалау, балаға жасалған буллинг” белгілері бар құқыққа қайшы контентті бір тәулік ішінде жоюға міндеттейді.

Заңға сәйкес, Қазақстан аумағында бір айда жүз мың қолданушы кіретін әлеуметтік желілер бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен өзара іс-қимыл жасау үшін өздерінің заңды өкілін тағайындауы тиіс.

“Кибербуллинг туралы” түзету енгізуге қарсы белсенділер петиция жазып, митингілер өткізген.

Мәжіліс "әлеуметтік желіні реттейтін" заң жобасын қабылдады
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:56 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG