Accessibility links

АҚШ Түркияны Ресейге салынған санкцияларға ұрынып қалмауға шақырды


АҚШ түрік компанияларын Америка санкциясына ілінген Ресейдің фирмаларымен және азаматтармен әріптестік орнатудан сақтандырды, - деп жазады Wall Street Journal.

Газеттің қолына АҚШ қаржы министрінің орынбасары Уолли Адиемоның Түркиядағы Америка сауда палатасына және түріктің өнеркәсіп және бизнес ассоциациясына жазған хаты түскен. Хатта АҚШ санкциясына іліккен Ресей компанияларымен істес болған түрік компаниялары АҚШ санкцияна ілінуі мүмкін екені жазылған.

Уолли Адемо түрік банктеріне айрықша тоқталған. “Ресейдің санкциядағы азаматтарымен және ұйымдарымен қарым-қатынас түрік қаржы институттары мен бизнесін санкцияға іліктіруі мүмкін” дейді ол. Газет хатта "Ресей банктерімен байланыс орнатқан түрік банктері америкалық банктермен іскерлік қатынас орната алмайтыны айтылғанын" нақтылай түскен.

Бұл ескерту — Вашингтон тарапынан Анкараға қысымның ұлғая түскенін көрсететіндей. Түркия Украинаға басып кіргені үшін Ресейге санкция салған Батыс елдеріне қосылмай отырған НАТО-ның жалғыз мүшесі. Wall Street Journal жазуына қарағанда, "соның нәтижесінде Түркия Рсесей капиталы тығылатын жерге айналған".

Өткен аптаның соңында АҚШ қаржы министрлігі АҚШ пен Түркияның қаржы министрі орынбасарларының телефонмен сөйлескенін, Уолли Адиемо Ресей санкцияны айналып өтуі үшін Түркияны пайдалана бастағанына алаңдайтынын хабарлаған. Түркия қаржы министрінің орынбасары америкалық әріптесін түрік компаниялары мен азаматтары халықаралық санкцияларды бұзуына жол бермейтініне сендірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG