Accessibility links

Душанбе АҚШ қатысуымен өткен әскери жаттығуға қауіптенген Мәскеуге жауап берді


Ресей Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Николай Патрушев және Ресей басшысы Владимир Путин.
Ресей Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Николай Патрушев және Ресей басшысы Владимир Путин.

Ресей Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Николай Патрушев Тәжікстанда АҚШ қатысуымен өтіп жатқан "Аймақ ынтымақтастығы – 2022" әскери жаттығуы аймаққа қауіп төндіруі мүмкін деп мәлімдеді.

10-20 тамыз аралығында Душанбеде АҚШ әскерінің қатысуымен әскери жаттығу өткен. Оған Тәжікстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Пәкістан және Моңғолия әскері қатысқан.

Николай Патрушев АҚШ-тың Орталық Азияға әскери жаттығу өткізуінде, "әскери қимылының мүмкіндігін игеру, қаруды дәл көздеу үшін цифрлі карталарына өзгерістер енгізу мақсаты жатыр" деп мәлімдеді.

Патрушев бұл мәлімдемесін Ташкентте өткен ШЫҰ-ға мүше елдердің Қауіпсіздік қызметі хатшыларының кездесуінде айтты. Оның бұл мәлімдемесін 23 тамызда ресейлік "Аргументы и факты" газеті жариялады.

Патрушев "Вашингтон Ауғанстанмен көрші елдермен антитеррористік операция жүргізу мақсатында уақытша инфрақұрылым жүргізуге талпынып жатыр" деді.

"ШЫҰ-ға мүше елдер америкалық бастаманың біздің қауіпсіздігімізге қандай қатер төндіріп тұрғанын ойланады деген үміттемін", - деген Патрушев.

Қандай "қауіп төндіріп тұрғанын" РФ Қауіпсіздік қызметі хатшысы айтпады. Ресей Украинаға соғыс ашқаннан кейін, Мәскеу мен Вашингтон қатынасы бірден нашарлап кетті. АҚШ Украинаға әскери көмек көрсетіп келеді.

Тәжікстанның Қауіпсіздік қызметінің хатшысы Насрулло Махмудзода ресейлік әріптесінің мәлімдемесіне пікірін білдірді.

"Патрушев мырза Ресеймен стратегиялық әріптестік өзгеріссіз қалады. Тәжікстан мен Ресейдің стратегиялық қарым-қатынасына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ", - деді ол.

Ол Тәжікстан сыртқы саясатта ашық екенін, барлық елдермен, оның ішінде АҚШ және Еуропа елдерімен де конструктивті байланыс жүргізе беретінін жеткізді.

АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм 10 тамызда "Аймақ ынтымақтастығы–2022" әскери оқу жаттығуы АҚШ-тың Орталық Азия және Оңтүстік Азия елдерімен қарым-қатынасты дамытуға әрі нығайтуға жақсы мүмкіндік" деп мәлімдеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG