Accessibility links

АҚШ-та өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің күйеуі ішімдік ішіп, көлік жүргізгені үшін сотқа тартылды


АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси және күйеуі Пол Пелоси.
АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси және күйеуі Пол Пелоси.

АҚШ Конгресі өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелосидің күйеуі, 82 жастағы Пол Пелоси ішімдік ішіп көлік жүргізгенін мойындаған соң 5 күнге қамалды. Бұл жөнінде BBC ақпарат агенттігі хабарлады.

Ол мамыр айында алкоголь ішіп Калифорния штатының Напа округінде Porshe көлігін соғып алған және жеңіл-желпі жарақат алған. Соттағы бұл мойындау оны түрмеге ұзақ мерзімге қамалудан құтқарады.

Пол Пелосидің авария болған 28 мамыр күні абақтыда өткізген бір түнін сот екі күнге теңеген және тағы екі күні әдептілігі үшін кешірілген, ал қалған бір күнін (8 сағат) қоғамдық жұмыс істеп өткізуі керек.

Венчурлық фирманың негізін қалаушы мультимиллионер бұған қоса үш ай жүргізуші курсына барып, өтемақы ретінде 7 мың доллар төлеуі тиіс. Жүргізуші ретінде үш жыл пробациялық бақылауда болады.

Ол жүргізуші куәлігінен айырылған жоқ, бірақ көлікті жүргізер алдында ішімдік ішкенін-ішпегенін анықтайтын арнайы құрылғыны (ignition device) пайдалануға міндеттелді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG