Accessibility links

Зеленский: Қырымды ешкімнен кеңес сұрамай-ақ қайтарамыз


Украина президенті Владимир Зеленский.
Украина президенті Владимир Зеленский.

Украина президенті Владимир Зеленский Киевте халықаралық "Қырым платформасы" саммитінде баяндама жасап, Ресей аннексиялап алған Қырымды "қалай да қайтарамыз" деп мәлімдеді.

Зеленский Қырымды қайтару мәселесінде басқа елдермен кеңеспейтінін, "Ресеймен келіссөз жүргізу" мүмкін емес екенін айтты. Украина президентінің пікірінше, Кремльдегілер "ешқашан диалог орнатуды олаймаған, олар соғыс жүргізуге ғана дайын болған".

"2014 жылы елімізді оккупациялау керек деп шешті, әлем әрекетсіз қалған соң олар әрі қарай басына берді. Ал біз олардың тұмсығын бұзып жатырмыз", - деген Зеленский Украина "Ресейді тыныштандыру үшін" майдан шебін осы қалпында белгілеуге келіспейтінін білдірді.

Ол Қырымды азат еткен соң Украина Еуроодақтың бір бөлігіне айналады, сол кезде түбек тұрғындары көптеген мүмкіндіктерге ие болады деп үміттенеді. "Қырым жолдары Еуропа жолдарының бір бөлігіне, ал Қырым порттары бүкіл Еуропа порттарына айналады, Симферополь мен Берлинді, Ялта мен Неапольді Украина ғана байланыстыра алады", - деп мәлімдеді украин президенті.

  • "Қырым платформасы" саммиті Киевте онлайн форматта өтті. Оған 60 елдің өкілдері қосылды.
  • Соғыс басталғалы бері Украина мен Ресей билігі арасында атысты тоқтату мәселелері бойынша бірнеше келіссөз болғанмен нәтижесіз аяқталған. Соңғысы наурызда Стамбулда өтті. Украина Ресейден 24 ақпаннан бері жаулап алған Украина облыстарын босатуды талап етті. Ресей бұған келіспеді.
  • Ақпан айынан бері Ресей Луганск облысының тұтас аумағын, Донецк, Херсон және Запорожье облысының едәуір аймағын басып алған. Ресей бұл аймақтарды қосып алу жөнінде референдум өткізетінін мәлімдеген. Владимир Зеленский бұл Мәскеумен келіссөз жүргізу мүмкіндігін тұтас жоятынын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG