Accessibility links

Киев Ресей және совет тарихымен байланысты 95 көшенің атын ауыстырды


Киев, 24 тамыз 2022 жыл.

Киев қалалық кеңесі Ресей және совет тарихымен байланысты 95 көшенің атын ауыстырды, Бұл жөнінде Киев мэрі Виталий Кличко Телеграм-арнасында хабарлады.

Қаладағы маршал Малиновский көшесі "Азов" полкінің батырлары, Питер көшесі – Лондон, Карл Марск көшесі Гуцуль болып өзгертіледі.

Кличконың жазуынша, мұндай қадам Ресейдің "жалған манипуляциясы мен ықпалының" Украина тарихына әсерін азайтады.

Шілде басында Украина русификация мен тоталитаризмнің салдарын жою үшін мәдениет министрлігі жанынан кеңес құрған. Тамыз басында кеңес ресейліктермен байланысты жер-су аттарын өзгертуді ұсынған. Аты өзгеретін көшелер арасында Александр Пушкин, Михаил Лермонтов, Иван Мичурин көшелері бар.

XS
SM
MD
LG