Accessibility links

Алматы әкімі бомбадан қорғанатын орындарды қалпына келтіру қажеттігін айтты


Алматы қаласы.
Алматы қаласы.

Алматы әкімі Ерболат Досаев президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен қаладағы бомбадан қорғанатын орындарды үш жыл ішінде қалпына келтіруге уәде берді. Бұл жөнінде "Власть" сайты хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда, Алмалы аудан тұрғындарымен кездесу кезінде әкім "совет кезіндегі тарихи активтерді қалпына келтіру бағдарламасы" дайындалып жатқанын айтқан. Әкім президент бомбадан қорғанатын орындарды қалпына келтіру туралы тапсырма бергенін де жеткізген.

Досаевтың түсіндіруінше, бомбадан қорғанатын орындарды қалпына келтіру қажеттігі аймақтағы геосаяси жағдаймен ғана байланысты емес.

"Бұл геосаяси жағдаймен ғана байланысты емес. Біз сейсмикалық аймақтамыз, қала [түрлі] жағдайларға дайын болуы тиіс. Жеке бағдарлама болады, үш жыл ішінде қажетті нормативке келтіруге тырысамыз" деді Досаев.

Жергілікті ақпарат агенттіктерге сүйенген "Медиазонаның" жазуынша, СССР құлағаннан кейін Алматыда қалған 300 орынның жүздейі сақталып қалған. Алайда көбінің жағдайы нашар: кейбірін су басып кеткен, кейбірінің қабырғалары, есік-терезелерін жөндеу керек, көбінің желдеткіштері мен энергиямен қамтамасыз ету қондырғылары істен шыққан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG