Accessibility links

Қазақстан әскери өнімдер экспортын бір жылға тоқтатады


27 тамызда Қазақстан үкіметі әскери өнімдер экспортын бір жылға тоқтататынын мәлімдеді, бірақ оның себебін түсіндірмеді.

Ресейдің Украинаға басқыншылығы жалғасып жатқан тұста президент Қасым-Жомарт Тоқаев жуырда Қазақстан қаруын "аймақтағы әскери қақтығыстарда қолдану" мәселесіне алаңдаушылық білдірген.

Ресеймен тығыз экономикалық қарым-қатынас орнатқан Қазақстан Мәскеу Украинадан басқа мемлекеттерге көз тігуі мүмкін деген болжам айтылып жатқан шақта Ресей, Украина, Түркия және Қытаймен қатынаста баланс табуға тырысып жатыр.

Ақпан айында Ресей Украинаға басып кірген кезде Қазақстан Мәскеу не Киевті ресми түрде толық қолдаудан бас тартқан.

Қазақстан әскери қайық, беренді автокөлік, пулемет, граната, торпеда сияқты түрлі әскери өнімдерді шығарады. Бірақ бұрын бұлардың қайсысы экспортталғаны жайлы ақпарат жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG