Accessibility links

Өзбек билігі Журналистерді қорғау комитетінің өкілі Гүлноза Саидты елге кіргізбей қойды


Гүлноза Саид
Гүлноза Саид

30 тамызда Өзбекстанның миграция қызметі Журналистерді қорғау комитетінің (CPJ) Еуропадағы және Орталық Азиядағы бағдарламалар үйлестірушісі Гүлноза Саидты Өзбекстанға кіргізбеді.

Комитет мәлімдегендей, Ташкент әуежайында Саидқа елге кіруге тыйым салынғаны айтылған.

Гүлноза Саид - АҚШ азаматы. Қазір ол өзінің Ислам Каримов атындағы Ташкент әуежайында екенін хабарлады. Билік оны 1 қыркүйекте Нью-Йоркқа ұшатын ұшақпен қайтарып жібермекші екен.

Саид CPJ миссиясы аясында Грузия және Латвияда болып, Өзбекстанға отбасына барған екен.

"Өзбек билігі Гүлназа Сайдтың Өзбекстанға кіруіне рұқсат беруі тиіс. Ол ұлын алып, отбасымен қайтуы тиіс. Гулназа Өзбекстанда істеген емес. Бірақ өзбек билігінің бұл әрекеті журналистерді қорғау бойынша шетелдегі жұмысы үшін Саидты қорқыту бағытында істелінген деп есептейміз", - деді комитет президенті Джоди Гинзберг.

Гулноза Саид "Фергана" агенттігіне "бес апта бұрын Өзбекстанға еш тосқауылсыз кіріп, үш аптадан соң шығып кеткенін" айтқан.

Журналистерді қорғау комитеті – 40 жылдан астам әлем

журналистерді қорғап келе жатқан тәуелсіз ұйым. Оның бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан, әлемде 40-қа жуық эксперті бар.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG