Accessibility links

Вице-премьер Ералы Тоғжанов Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды


Ералы Тоғжанов

Қазақстанның премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов 31 тамыз күні Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды. Облысты осыған дейін басқарып келген Оңдасын Оразалин қызметінен босатылды. Бұл туралы президент әкімшілігі хабарлады.

59 жастағы Тоғжанов – Батыс Қазақстан облысының тумасы. 2001 жылдан бері мемлекеттік қызметте. Вице-премьер қызметінде екі жарым жыл істеді. Оған дейін Маңғыстау облысының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары, Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған.

Оразалин облыс басшылығына 2019 жылы келген. Оның алдында 13 жыл Қазақстан президенті әкімшілігінде жұмыс істеген.

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, әкім қызметіне екі үміткер ұсынылған. Бірі Тоғжанов болса, екіншісі – Ақтөбе әкімі Асхат Шахаров. Мәслихат депутаттары Тоғжановты таңдаған.

Қазақстанда облыстар мен республикалық маңызы бар қалалардың әкімдерін президент тағайындайды. Билік ұсынған конституциялық түзетулер бойынша енді президент мәслихат депутаттарына екі үміткер ұсынады. Сарапшылар бұл түзету іс жүзінде елеулі өзгеріс әкелмейтінін, мұның әкімдерді тікелей сайлауға жетпейтінін айтады. Белсенділер көптеген жыл бойы әкімдерді тікелей сайлауға көшуді талап етіп келеді.

"Маминнің өзінен сұра!". Вице-премьер Ералы Тоғжанов журналист сауалына қалай жауап берді?
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:01 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG