Accessibility links

Серік Жұманғарин премьердің орынбасары – сауда министрі болып тағайындалды


Серік Жұманғарин
Серік Жұманғарин

Серік Жұманғарин ресми түрде премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі болып тағайындалды. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығы бүгін, 2 қыркүйекте Ақорда сайтында жарияланды.

15 тамызда Жұманғарин премьер-министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі қызметін атқарушы болып тағайындалған еді. Бұл қызметте болған Бақыт Сұлтанов елдегі қант тапшылығына байланысты 15 тамызда қызметтен босаған. Шілдеде Сұлтанов импортқа тәуелді болғандықтан азық-түлік пен қант бағасы қымбаттап кеткенін, соғысқа дейін Қазақстан қанттың 70 пайызын Ресейден алып келгенін айтқан еді.

Батыс елдері Ресейге санкция салған соң Мәскеу кейбір азық-түліктің импортына шектеу қойған . Осыдан соң Қазақстанда қант бағасы күрт өсіп, кейбір аймақта қант тапшылығы болған.

Жұманғарин тамызда министр міндетін атқаруға кіріскенде "министрлік қант алатын басқа елдерді іздеп жатқанын" айтып, Иран мен Ауғанстанды атаған.

53 жастағы Серік Жұманғарин 2020 жылы қыркүйектен бастап екі жылдай бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болған. Ал 2017-2019 жылдары ұлттық экономика министрінің орынбасары қызметін атқарды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG