БҰҰ бас хатшысы Антониу Гутерриш Қырғызстанның экс-президенті Роза Отунбаеваны Ауғанстандағы арнайы өкілі және БҰҰ-ның Ауғанстандағы миссиясының басшысы етіп тағайындады. Бұған дейін бұл қызметті канадалық Дебору Лайонс атқарып келген еді.
БҰҰ бас хатшысы Гуттериш Отунбаева 35 жылдан астам көшбасшылық, дипломатия, халықаралық серіктестік саласында жұмыс істеп келе жатқанын атап өтті.
Отунбаева 2010-2011 жылы Қырғызстан президенті болған. Үш рет сыртқы істер министрі қызметін атқарған. Қырғызстанның АҚШ пен Канададағы (1992-1994) және Ұлыбританиядағы (1997-2002) елшісі болған.
2002-2004 жылдары БҰҰ бас хатшысының Грузияны бақылау бойынша миссиясында жұмыс істеген. Қазір БҰҰ бас хатшысы жанындағы консультативті кеңестің мүшесі және Қырғызстандағы "Роза Отунбаеваның бастамалары" қорының жетекшісі.
ПІКІРЛЕР