Accessibility links

Мәскеуде СССР-дің соңғы президенті Горбачевпен қоштасты


Горбачевпен қоштасу рәсімі. 3 қыркүйек 2022 жыл.
Горбачевпен қоштасу рәсімі. 3 қыркүйек 2022 жыл.

Бүгін, 3 қыркүйекте Мәскеудегі Одақтар сарайында СССР президенті Михаил Горбачевті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтті. Ол 30 тамызда 92 жасқа қараған шағында ауыр науқастан қайтыс болды.

Горбачевпен қоштасуға келгендердің кезегі Мәскеудегі Үлкен театрдан басталған. "Интерфакс" агенттігінің хабарлауынша, қоштасу рәсіміне Ресей қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, әнші Алла Пугачева келген.

Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Медведев президент Владимир Путин Калининградқа жұмыс сапарымен кетуіне байланысты Горбачевпен қоштасу рәсіміне келе алмайтынын айтқан. Песковтың сөзінше, Путин Горбачевпен мәйітханада қоштасқан. AFP агенттігінің жазуынша, Батыс лидерлерінен тек Венгрия премьері Виктор Орбан қоштасу рәсіміне келген.

Ал Еуропаның басқа елдері жерлеу рәсіміне елшілері мен дипломаттары қатысатынын мәлімдеген. АҚШ-тың мемлекеттік департаменті Горбачевпен қоштасуға Мәскеудегі елші Джон Салливан қатысатынын айтқан.

Қоштасу рәсімінен соң Горбачевті Новодевичий зиратына жерлейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG