Accessibility links

Тәжікстанда ақша төлеп әскери билет алғысы келген 1200 адам бюджетке 3,2 млн доллар аударған


Тәжік сарбаздары халықаралық әскери жаттығуда.
Тәжік сарбаздары халықаралық әскери жаттығуда.

Қысқа мерзімді әскери жиында жүрген 1200 тәжік азаматы Қорғаныс министрлігінің арнайы есепшотына 32 миллион сомони (3,2 миллион доллар) өткізген. Тәжікстан әскери мекеме Азаттыққа айтқан жауабында мұндай әскери жиындар елдің төрт аймағында өтіп жатқанын хабарлаған. Елдегі жаңа заң бойынша, енді тәжік азаматтары 27 мың сомони (2700 доллар) доллар төлеп, бір айлық әскери қызметке бару арқылы әскери билет ала алады.

2021 жылғы қаңтарда Тәжікстанда әскери қызмет туралы заң жаңарып, ақша төлеп әскери билет алу тетігі енгізілді. Бірақ бір айлық жедел жиынға қатысу керек болады. Кейінгі екі жылда тәжік жастарын әскери дайындықтан осы жолмен өткізіп жатыр.

Кей сарапшылар бұл қадам әскерді әлсіретуі мүмкін деген дейді. Олардың сөзінше, енді әскерге тек тұрмысы төмен отбасылардың балалары барады, ал бұл адам құқығын бұзумен тең.

Душанбе тұрғыны Абдулло Назаровтың айтуынша, тәжік жастарының едәуір бөлігінде ақылы әскери билетке қаржылай мүмкіндігі жоқ.

Тәжікстанда әскери мәжбүрлеп алып кетуге шағымданатындар көп. Оның үстіне әскердегі жағдайдың нашар екені, әлімжеттік пен сарбаздардың өлімі өршіп тұрғаны айтылады. Осы себепті тәжік жастары ақша төлеп, әскерден аман қалудың заңды тетігіне жүгініп жатыр. Азаттықтың Тәжік қызметі заңдағы осы өзгерістен кейін "әскерге мәжбүрлеп әкету жөніндегі шағымдар азайғанын" жазады.

Шілде айында Тәжікстанның қорғаныс министрлігі армия туралы "жалған мәліметтер" таратқандарға әкімшілік жаза сұраған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG