Accessibility links

Шавкат Мирзияев Қазақстан орманындағы өрт салдарын жоюға көмектескісі келеді


Қостанай облысында орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер. 4 қыркүйек 2022 жыл. Сурет төтенше жағдай министрлігінің Инстаграм парақшасынан алынды.
Қостанай облысында орман өртін сөндіріп жатқан өрт сөндірушілер. 4 қыркүйек 2022 жыл. Сурет төтенше жағдай министрлігінің Инстаграм парақшасынан алынды.

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 6 қыркүйекте Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевпен телефонмен сөйлесті деп хабарлады өзбек президентінің баспасөз қызметі.

Әңгіме басында мемлекет басшысы Қазақстан президентіне Қостанай облысында орман өртенуіне байланысты қолдауын білдіріп, табиғат апаты салдарын жоюға көмектесуге әзір екенін айтты.

Екі елдердің президенттері стратегиялық әріптестік пен одақтас қарым-қатынасты одан әрі нығайту, басымдыққа ие бағыттарда тәжірибе алмасуды кеңейту мәселелерін талқылады.

Сауда, өнеркәсіп, энергетика, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы және экономиканың басқа да салаларындағы жобаларды жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді.

Президенттер аймақ мәселелеріне қатысты ұстанымдарымен бөлісті. Шанхай ынтымақтастық ұйымының қыркүйекте Самарқанд қаласында өтетін саммитінің күн тәртібі де сөз болды.

Қыркүйектің басында Қостанай облысы Әулиекөл ауданындағы орманнан өрт шығып, айналадағы елдімекендерді де шарпыған. Салдарынан екі мыңға тарта адам эвакуацияланды. Бір адам қаза тапты, 10 адам жапа шекті. 5 қыркүйек күні аймаққа президент Тоқаев сапарлап, зардап шеккендерге көмек көрсетілінін айтқан. 6 қыркүйек күні төтенше жағдай министрі Юрий Ильин Азаттыққа берген сұхбатында өрт әлі толық сөнбегенін, бірақ бақылауға алынғанын мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG