Қырғызстан халқының саны 6 млн 977 мың адамға жетті. Бұл туралы халық санағын жүргізетін Ұлттық статистика комитеті мәлімдеді.
Мәліметке қарағанда, ел халқы 2009 жылғы санақпен салыстырғанда 1,6 млн адамға өскен, бір жылдағы орташа өсім 2,1 пайыз болған.
Биыл көктемде Қырғызстанда халық санағы алғаш рет электронды форматта өтті. Науқан 2020 жылы ұйымдастырылуы керек еді, бірақ коронавирус індетіне байланысты екі рет кейінге қалған.
Соңғы рет Қырғызстанда халық санағы 2009 жылы ұйымдастырылған. Сол кезде елде 5,3 млн адам тұратыны анықталған.
ПІКІРЛЕР