Accessibility links

Австриялық дипломат Фолькер Тюрк БҰҰ-ның Адам құқықтары жөнінде жоғарғы комиссары болды


Фолькер Тюрк
Фолькер Тюрк

БҰҰ австриялық ардагер дипломат Фолькер Тюрк осы ұйымның Адам құқықтары бойынша Жоғарғы комиссары қызметіне бекітті.

БҰҰ бас хатшысының саясат мәселелері бойынша орынбасары болған Тюрктың кандидатурасы 8 қыркүйекте өткен ұйымның Бас Ассамблеясының негізгі консенсусында мақұлданды.

Бұған дейін бұл қызметті атқарып келген чилилік Мишель Бачелет 15 тамызда қызметінен кеткен. 57 жастағы Тюрк БҰҰ-да отыз жылға жуық жұмыс істеп келген, аталған ұйымның Босқындар ісі жөніндегі агенттігін басқарған.

7 қыркүйекте Тюркты бұл қызметке ұсынған Гутерриш "ол карьерасының көп жылдарын адам құқықтарын, оның ішінде әлемдегі ең әлсіз топтағы "босқындар мен азаматтығы жоқтарды" қорғап келді деді.

Бачелет қызметін Қытайдың Шыңжаң аймағындағы мұсылмандардың құқығының бұзылуы жөнінде баяндама жариялаған соң аяқтады. Бұл қатысты түрлі көзқарастар айтылған. Есепте Қытайдағы адам құқықтарының бұзылуы, оның ішінде Шыңжаңдағы мұсылмандарға қысым, зорлық-зомбылық көрсету, азаптау жайлы айтылған.

Бейжің есептегі айтылған деректерді мойындамай, БҰҰ-ны "АҚШ пен Батыс елдерінің жандайшабы болып отыр" деп айыптаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG