Accessibility links

Қалмақ республикасында "Кавказский узел" журналисі соққыға жығылды


Қалмақ республикасының астанасы Элиста. 
Қалмақ республикасының астанасы Элиста. 

Қалмақ республикасының астанасы Элистада "Кавказский узел" басылымының журналисі Бадму Бюрчиевті белгісіз біреулер ұрып кеткен. Бұл жөнінде басылымға оны өзі айтып берді.

Бюрчиевке 8 қыркүйек күні кешкісін үйіне қайтып бара жатқанда шабуыл жасалған. Журналистің сөзінше, белгісіз біреулер оны қоршап алып, ұра бастаған. Ол құлаған кезде, басынан тағы бірнеше рет ұрып, қашып кеткен.

"Қолымда екі бес литрлік су, арқамда рюкзак болды. Олардың жүзін аңғарып үлгермедім. Тек соққыға жыққандардың бірінің "Тағы жазасың ба?" деп айтқаны есімде қалды" дейді журналист.

Шабуыл жасағандар ештеңе алмастан қашып кеткен. Куәгер бірден полиция шақырған. Журналистің айтуынша, полиция бірден келген. Бюрчиев полиция қызметкерлеріне олардың бес адам болғанын (куәгер төртеу болған дейді); қара киімде, басына капюшон, кепка киіп алғанын айтқан.

Бюрчиев өзіне жасалған шабуылды "оппозициялық не журналистік" қызметімен байланыстырады. Ал оның достары бұл Бюрчиевтің телеграм-каналындағы Калмақ республикасы басшысы Бату Хасиковті қалжыңдаған мақалаға байланысты болуы мүмкін дейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG