Accessibility links

Зеленский: Қазір Путинмен келіссөзге дайын емеспін


Украина президенті Владимир Зеленский
Украина президенті Владимир Зеленский

Украина президенті Владимир Зеленский CNN телеарнасына берген сұхбатында қазір Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз жүргізуге дайын емеспін деді.

Зеленскийдің сөзінше, Украина соғыс жалғасып жатқанда келіссөзге бармайды.

"Олар қақтығысты уақытша тоқтату үшін келіссөзге, келісімге келуге тырысады. Одан соң күш жинап алып, қайта алға жылжиды... Мұндай ойынды ойнағым келмейді" деді Зеленский.

Зеленский Ресей оккупациялап алған Украина жерлерін толық қайтарған соң ғана Мәскеумен келіссөз жүруі мүмкін деп мәлімдеді.

"Ресей бәрібір бізбен шекаралас, бәрібір бұл ел көп халқы бар көршіміз. Сондықтан еліміздің оккупацияланған жерлерін қайтарған соң олармен көрші сияқты тұруымыз керек" деді ол.

Украина қорғаныс министрі Алексей Резниковтің "ақпан мен наурызда Беларусь пен Стамбулда Украина делегациясы Ресей әскерін шығарғанда келіссөзге дайын болған еді. Бірақ қазір бұл мүмкін емес" деп мәлімдеді.

Ал 11 қыркүйекте Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "Россия 1" телеарнасының эфирінде Мәскеу "келіссөзден қашпайды" деді.

  • Зеленскийдің CNN арнасына сұхбаты Украина әскерилерінің Харьков облысында Ресей басып алған жерлердің біраз бөлігін қайтарып жатқан тұста шықты. Украина қарулы күштері қыркүйекте бірнеше күн ішінде Ресей әскерилері бірнеше айдан бері бақылап отырған ондаған елдімекенді қайтарып алды. Ал Ресей қорғаныс министрлігі мұны әскерилерді "қайта орналастыру шарасы" деп атайды.
  • Дегенмен қазір Ресей Украинада Херсон, Запорожье, Луганск, Донецк, Харьков облыстарының бір бөлігін бақылауда ұстап отыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG