Accessibility links

Президент астана атауын өзгертуге байланысты пікірін білдірді 


Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан. 
Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан. 

Парламенттегі депутаттар тобының астананың бұрынғы Астана атауын қайтару туралы ұсынысынан президент хабардар. Осылай деп Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

"Мәжіліс депутаттарының ұсынысы мемлекет басшысының келісімімен Конституциялық заң жобасына енгізілді. Президент Қазақстанның қазіргі мемлекеттілігін нығайтуда және елорданың іргесін қалауда Нұрсұлтан Назарбаевтың шешуші рөл атқарғаны тарихи факт. Сондықтан Тұңғыш Президент атындағы басқа да нысандар өз атауларын сақтап қалуы тиіс деп санайды" деп жазды Руслан Желдібай.

Мәжіліс депутаттары арасында құрылған "Жаңа Қазақстан" тобы 2 қыркүйекте мәлімдеме жасап, президентті жеті жылға сайлау бастамасын қолдап, Нұр-Сұлтан қаласына Астана атауын қайтаруды ұсынған.

Елді отыз жылдай басқарған Нұрсұлтан Назарбаев 2019 жылы наурызда президенттіктен кетіп, Тоқаевты уақытша президент деп жариялаған еді. Артынша Тоқаев Астана қаласының атауын "Нұр-Сұлтан" деп өзгертуді ұсынып, бұл ұсынысты депутаттардың бәрі қолдаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG