Accessibility links

СІМ: Арменияға қазақстандық бітімгерлерді жіберу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ


Қазақстандық бітімгерлерді Арменияға жіберу мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. 14 қыркүйекте журналистердің сұрақтарына жауап берген Қазақстан сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Tengrinews сайты хабарлады.

"Мәселе бұл қырынан қаралып жатқан жоқ. Кеше ҰҚШҰ-ның шұғыл отырысында Армения премьер-министрі ҰҚШҰ-ға мүше ел басшыларына Әзербайжан мен Армения шекарасындағы ахуалды баяндаған. Екі жақтан екі түрлі ақпарат келгендіктен бізге объективті ақпарат жетіспейді. Сол себепті де ҰҚШҰ бас хатшысын оқиға орнына жіберіп, жағдайды өз көзімен көргеннен кейін мемлекет басшыларына хабарлау туралы шешім қабылданды" деді Мұхтар Тілеуберді.

Ол армян-әзербайжан шекарасына делимитация және демаркация жасау жөніндегі комиссияның жұмысын жандандыру қажеттігін алға тартып, бұл тұрғыда Қазақстан өз тәжірибесімен бөлісе алады деген. Сыртқы істер министрінің сөзінше, қазіргі кезде Қазақстан Ресейден басқа барлық көрші елдермен шекара мәселесін шешіп анықтаған. Ал Ресеймен шекараны демаркациялау мәселесі екі-үш жыл ішінде бітуі мүмкін.

  • Армения мен Әзербайжан шекарасындағы ахуал 13 қыркүйекке қараған түні ушыққан. Армян тарабының хабарлауынша, бірнеше ауыл атқылауға ұшыраған. Елу шақты әскери қызметкер қаза болған. Баку жағы да елу шақты жауынгерінен айырылғанын мәлімдеп, армян жағын кінәлаған.
  • Бұған дейін Армения Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан (ҰҚШҰ) көмек сұрап, Әзербайжанмен әскери қақтығысты реттеуге қол ұшын беруге үндеген. Ал ҰҚШҰ мәселені "саяси-дипломатиялық жолдармен" реттеу қажеттігін алға тартып, ұйым бас хатшысын оқиға орнына жіберу туралы шешім қабылдаған.

Видео: Әзербайжан-Армения қақтығысы, Украинаның контршабуылы (13 қыркүйек 2022 жыл).

Әзербайжан-Армения қақтығысы, Украинаның контршабуылы
please wait

No media source currently available

0:00 0:02:22 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG