Accessibility links

Құқық қорғаушы Вениамин Алаев қайтыс болды


Құқық қорғаушы Вениамин Алаев. 2020 жыл.
Құқық қорғаушы Вениамин Алаев. 2020 жыл.

Алматыда құқық қорғаушы Вениамин Алаев қайтыс болды. Марқұм 43 жаста болған.

"Досымыз әрі жетекшіміз Вениамин Алаев кенеттен қайтыс болды" деп жазды Қайрат Иманалиев атындағы мүгедек азаматтардың құқығын қорғау комиссиясы Фейсбук парақшасында.

Құқық қорғаушының жеке парақшасында оның 14 қыркүйекте сағат 17 шамасында 12-ауруханада қайтыс болғаны жазылған.

Құқық қорғаушымен қоштасу рәсімінің уақыты, орны қосымша хабарланады деп айтылады.

Вениамин Алаев 1979 жылы 9 қазанда дүниеге келген. Екінші топ мүгедегі болған. 12 жыл мүгедек азаматтардың құқықтарын қорғаумен айналысқан. Қайрат Иманалиев атындағы мүгедек азаматтардың құқықтарын қорғау комиссиясына жетекшілік еткен. Құқық қорғаушылардың жаңа буыны коалициясына мүше болған. 2017-2019 жылдары Алматы әкімінің мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сапасын жақсарту мәселелері бойынша штаттан тыс кеңесшісі болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG